Kitap

3.7.1 for iPhone, iPad
Free
0

0 Ratings

Update Date

2023-06-29

Size

43.5 MB

Screenshots for iPhone

iPhone
Kitap Description
KITAP қосымшасы – кітаптар мен аудиокітаптардың ең үлкен қоры.
Қосымшада қазақ әдебиетінің жауһарлары мен әлем әдебиетінің үздік шығармалары жинақталған.
Kitap қосымшасын жүктеп алудың ең басты артықшылығы – өзіңізге ыңғайлы уақытта, кез келген жерде оқып, аудиокітаптарды тыңдай аласыз.
Кітаптардың жанры әртүрлі, тақырыбы саналуан. Классикалық шығармаларды оқығаннан ләззат аласыз ба, әлде әлемдік бестселлер кітаптарға қызығасыз ба? Ғылыми-танымдық әдебиет қызықтыра ма, әлде іскерлік бағыттағы кітаптарды көбірек оқисыз ба? Бәлкім, психологияға қызығатын шығарсыз? Әлде, балаларға арналған таңдаулы шығармаларды іздейсіз бе? Мұның барлығын біздің қолданбадан табасыз.
Егер оқудан гөрі тыңдау ыңғайлы болса, аудиокітаптарымыз бар. Сүйікті шығармаңызды кәсіби дикторлардың дыбыстауында тыңдауға болады.
Серуенге шыққанда, сапарда жүргенде немесе жай ғана кезек күтіп отырғанда уақытты тиімді өткізгіңіз келсе, Kitap қосымшасы сенімді серік әрі пайдалы көмекші бола алады.
Абай өлеңдері мен Қара сөздері, поэмалары мен аудармалары, Мұхтар Әуезовтің романдары мен әңгімелері, Бейімбет Майлин мен Жүсіпбек Аймауытовтың үздік шығармалары – қосымшадағы қазынаның бір парасы ғана. Әлемдік бестселлер – «Жасампаз жандардың 7 дағдысы», «Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы» және «Анна Франктің күнделігі», «Ғажайып» сынды еңбектерді қазақ тілінде оқып қана қоймай, тыңдай да аласыз.
Қосымшада ұнатқан кітабыңызды Сөреге жинақтауға болады. Кітаптарды жүктеп алуға және достарыңызға жіберуге де мүмкіндік берілген.
Кітаптар мен аудиокітаптар мынадай жанрлар бойынша жинақталған:
• Көркем шығармалар
• Тарихи шығармалар
• Ғылыми әдебиет
• Тұлғалық даму
• Іскерлік әдебиет
• Публицистика
• Романтика
• Психология
• Бизнес
• Ертегілер және т.б.
Жиі қойылатын сұрақтар:
Kitap қосымшасын жүктеп алу маған не береді?
Kitap қосымшасы бүкіл әлем оқып, талқылап жатқан кітаптарды оқуға және оның аудионұсқасын онлайн немесе жүктеп алып тыңдауға мүмкіндік береді.
Kitap-тың басқа қосымшалардан ерекшелігі неде?
• Кітаптар мен аудиокітаптар қорының мол болуы;
• Кітапты сатып алмас бұрын бір бөлігін оқып/тыңдап көру мүмкіндігі;
• Жеке кітапхана жасақтау;
• Кітаптарды жүктеп алу;
• Оқып немесе тыңдап жатқан шығармаңызды тоқтаған жерінен жалғастыру;
• Шығарманың қажет тұсына бетбелгі қою;
• Аудионы алға және кері жылжыту, бөлімдерді оңай ауыстыру;
• Аудионы ойнату жылдамдығын таңдау;
• Кітаптың оқылған/тыңдалған кітап бөлігі пайызбен көрсетілуі;
• Кітап туралы пікір білдіріп, талқыға қатысып, баға беруге болады.
Kitap қосымшасында балаларға арналған шығармалар бар ма?
Әрине! Қосымшада балалар әдебиеті мол. Бір ғана ертегінің 400-ден аса түрі бар. Әрі қор ұдайы толығып отырады. Қосымшада мектеп бағдарламасындағы барлық шығарманың аудионұсқасы жасалған.
Аудиокітаптарды жүктеуге бола ма?
Иә, таңдаған кітапты жүктеп алуға болады. Жүктелген кітаптар Сөреге жиналады.
Kitap 3.7.1 Update
2023-06-29
* Исправление ошибки доступа к приложению в офлайн режиме
More Information
Price:
Free
Version:
3.7.1
Size:
43.5 MB
Genre:
Education Books
Update Date:
2023-06-29
Developer:
Bilim Land TOO
Language:
English

Safe to Download

AppPure.com and the download link of this app are 100% safe. The download link of this app will be redirected to the official App Store site, thus the app is original and has not been modified in any way.

Got it
X
Share

Share this page with your friends if you find it useful

Facebook Linkedin Pinterest Tumblr Twitter Whatsapp Line
1.3.6 2015-10-16
Жүйелі қателіктер жөнделді. Жаңа сайттың ақпараттық жүйесіне қосылды.